Президенттің Жолдауы халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін реттеуге бағытталған

Қоғам қайраткерлері мен сала мамандары пікірін айтты

Президенттің Жолдауы халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін реттеуге бағытталған Ақорда

«Ақша-несие саясаты түрленіп, банктердің жұмысына көбірек көңіл бөлу  көлеңкелі экономиканы жойып, салаға оң әсерін береді». Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты қоғам қайраткерлері мен сала мамандары осындай пікірді алға салып, ойын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауының негізі бағыты экономикалық еркіндік пен әртараптыққа жетудегі бірнеше бағдарды қамтыды. Қаржы сарапшылары бұл тұрғыда қордаланған мәселе көп деп, банк жүйесіндегі үстемелі пайыз бен несие саясатын қолға алу керек екенін сөз етті. Сондай-ақ елде бәсекеге қабілетті шағын және орта кәсіпкерлікке қолдауды арттырудың маңызына тоқталды

– Президент ақша-несие саясатына байланысты тоқталды. Банктерге қатысты арнайы заң қабылдау керек. Шын мәнінде бұл жерде үлкен мәселелер қордаланған. Банктерге қатысты, оның экономикадағы рөлі, олар қандай салаға көбірек несие аудару керек?. Қандай салада, жаңағы тұтынушылық несиенің бірте-бірте кетіп, экономиканың нақты секторына көбірек көңіл бөлу керек екендігі туралы нақты мәселелер айтылды. Бұл саладағы басты мәселе – нәсие, пайызы жоғары. Осыған байланысты тың жұмыстар жүргізілетін болса ақша, несие саясатында біраз дүниелер ретке келеді, – деді экономист Мақсат Халық.

– Президент атап өткендей орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі 7 пайызбен ғана шектеліп отыр. Жақын уақытта оны ең кемінде 15 пайызға көтеру керек екенін атап өтті. Бұл жерде туындайтын мәселе – Үкіметтің жүргізіп отырған қаржылық саясаттың арасындағы қарама-қайшылық. Қаржы саласында жеке банкілер ең көп табыс тауып отыр, – деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров.

Халыққа Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың тұтастығы мен ауызбірлігіне іріткі салуға жол бермей, мызғымас ынтымақты нығайту керек екеніне тоқталды. Қоғам қайраткерлері бұл тұста жасалып жатқан әлеуметтік-саяси, мәдени жобалардың артқанына айрықша назар аударып отыр.

– Мемлекет басшысы бюджеттің жартысы 50 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал қамтылған Қазақстан тұрғындардың мәселерін шешуге кетіп жатқанын атап өтті. Демек Үкімет қалың бұқараның жағдайын шешуге кірісіп жатыр. Президенттің Жолдау халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін реттеуге бағытталған, – деді жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: экологиялық акциясының аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир