Қазақстан мен Қытай ғалымдары бірлесе миниспутниктер жасап, оны ғарышқа ұшырмақ. Бұл жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Солтүстік-батыс политехникалық университетінің ынтымақтастығы аясында жүзеге асады. Сондай-ақ аталған келісім негізінде қос тарап ғарышты зерттеп, білікті мамандарды даярлайды. Қазір миниспутниктерді әзірлеу қалай жүзеге асып жатыр? Ол ғарыштан қандай мәлімет жинайды? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбаев жауап береді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.