Қаулыға сәйкес 2-семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаулыға сәйкес 2-семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттерiн ерiктi негiзде кезең-кезеңімен құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимi, әлеуметтiк арақашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ, 1-курс студенттеріне жатақханада тұруға да рұқсат берілген.
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін), 9,11,12-сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.