Техникалық мамандықтарға деген кадр тапшылығы азайған

18.05.2021 03:56

Бұған басты себеп колледждерге дуалды оқыту жүйесінің енгізілуі

Елімізде соңғы жылдары техникалық мамандықтарға деген кадр тапшылығы азайған. Бұған басты себеп колледждерге дуалды оқыту жүйесінің енгізілуі. Яғни, атаулы бағдарлама кәсіби мамандар даярлау үшін тиімді көрінеді, деп хабардайды Almaty.tv.

Елде техникалық мамандықтарға кадр тапшылығы болған соң колледж студенттеріне дуалды оқыту бағдарламасы енгізген еді. Яғни, болашақ жас мамандарға 40 пайыз теория, 60  пайыз тәжірибе арқылы білім беріледі. Сондай оқу орындарының бірі Алматы автомеханика колледжі. Мамандардың айтуынша, атаулы мекемені бітіріп шыққан түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған.

«Осы бағытта дамып, өзімнің жеке кәсібімді ашып ірі кәсіпорындардың басшысы болам деген арман бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімді шыңдадым. Осындай мүмкіндік берген үкіметке, оқу орнына, жұмыс кәсіпорнына алғысым шексіз», – деді автомеханик Мұрат Азатов.

Одан бөлек, оқу орны әлемнің 70 елі қатысатын Worldskills чемпионатына мүше. Яғни, заманауи білім берудің арқасында жастарымыз «Токарь ісі», «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» секілді мамандық бойынша қатысып, көзге түсіп жүр. Одан бөлек Отандық ірі кәсіпорын басшылары да жас мамандарды барынша қолдауға тырысамыз, дейді.  

«Біз 2013 жылдан бері колледжбен бірігіп жұмыс жасап келе жатырмыз. Сонымен қоса, біз дуалды оқыту жүйесін бірінші болып қолға алып, атаулы оқу орнымен серіктес екенімізді айта кеткім келеді. Мұнда болашақ мамандардың жоғары тәжірибе жинауы үшін барлық жағдай жасалған», – деді кәсіпорын басшысы Борис Лесковский.

«Осыған ҚР үкіметі жалпы кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту бағдарламасына өзгерістер енгізіп осы жас маман жобасына үкім шығарған болатын. Енді осы жоба бойынша 180 колледж енген», – деді Алматы автомеханика колледжінің директоры Темірбек Рахманов.

Қазіргі таңда колледж басшылығы оқу орнын одан әрі дамыту мақсатында 289 миллион теңгенің жобасын әзірлеп, Жас маман бағдарламасына ұсынып та қойған. Егер жоба мақұлданса, студенттерге мол мүмкіндік болар еді дейді.

Мерей Қанапиянов, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы