Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясында айтылды
Ел экономикасының жақсаруында ғылымның орны ерекше. Алайда Қазақстанның мұнай мен металлургия саласын өрге сүйреу үшін ғылым жолында олқылықтар жоқ емес. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясында айтылды, деп хабайрлайды Almaty.tv.
Жиын алдымен 2019 жылға қортынды жасалып, атқарылған істер айтылды. Атап айтқанда, академия ұжымы екі бірдей марапатқа ие болды.
«Біз мұнай мен металлургия саласына ден қоюымыз қажет. Бүгінде елімізде мұнайдың 75%-ы ғана өңделсе, ал АҚШ-та 95%-ға дейін өңделеді. Біз осы көрсеткішке жетіп, мұнай мен газды қайта өңдеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуымыз қажет. Осы орайда, алдағы уақытта 3 полимерлі шаруашылық ашылады. Дегенмен, тәжірибе жасайтын шағын цехтардың жоқтығы ғылымдарға қолбайлау болып тұр», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат ЖҰРЫНОВ.
Жиында ұлтымыздың рухани көшбасшысы болып келе жатқан Хакім Абайдың шығармашылығындағы құндылықтар жайлы айтылды. Абай шығармаларында қазіргі қоғамның бет-бейнесін айқындап қоймай, алға озып шығуға сеп болатын бірқатар ойлар көрініс табатыны да тілге тиек етілді. Сонымен қатар, ұлы ойшылды бар қазақтың бойына сіңіру үшін ғалымдар өз ұсыныстарын да айтты.