Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты
Қазақстанда экономиканың нақты секторымен әріптестікте кадрларды тәжірибеге бағдарлау арқылы даярлау кеңеюде. Бүгінде 76 жоғары оқу орнының 50 мың студенті 6 мың кәсіпорын базасында дуальды оқытудан өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мысалы, Қостанай облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 138 студенті білім алуда. Биыл 62 студент жұмысқа орналастырылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында жыл сайын 10 мыңнан астам студент дуальды оқыту мен өндірістік тәжірибеден өтеді.