Астанада адамды автобус басып кетті

15.11.2024 11:47

Қазіргі уақытта осыған байланысты тергеу жүріп жатыр

стоп кадр

Астанада белгіленбеген тұстан өтіп бара жатқан ер адамды автобус қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта осыған байланысты тергеу жүріп жатыр. Видеодан зардап шеккен ер адамның жатқанын көруге болады.

«Осы жылдың 7 қарашасында Шарбақты көшесінде маршруттық автобус жүргізушісі белгіленбеген жерден жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттардың салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр», - делінген қалалық Полиция департаменті хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында стихиялық қоқыс үйіндісінің орнына жасыл аймақ салынды