Алматыда жалдамалы пәтерде шағын АТС ұйымдастырған күдікті ұсталды

20.11.2024 14:40

Операция барысында тұрғын үй кешендерінің біріндегі жалдамалы пәтерде ұйымдастырылған шағын автоматты телефон станциясы анықталды

Алматыда “Киберпол” қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операция барысында тұрғын үй кешендерінің біріндегі жалдамалы пәтерде ұйымдастырылған шағын автоматты телефон станциясы анықталды. 26 жастағы азамат ұсталды.

"Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді болып қала отырып, әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын “жұмысты” интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Оқи отырыңыз: Құтқарушылар дәретхана шұңқырына құлап кеткен мысықты аман алып шықты