Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастыруы керек екенін айтып, тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жеке парақшасында жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыда 1000-нан астам азамат мамандардан кеңес алды