Ұлттық құрылтай қарсаңындағы секциялық отырыстар өтті

19.01.2026 20:03

Басқосуға өңірлерден 100-ден аса құрылтай мүшесі қатысты

Сыр өңірінде Ұлттық құрылтай қарсаңындағы секциялық отырыстар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға өңірлерден 100-ден аса құрылтай мүшесі қатысты. Ел дамуының өзекті мәселелері талқыланатын алқалы жиын екі күнге жалғасады. Секция барысында сан түрлі саланың мамандары, қоғам белсенділері мен ұлт зиялылары өзекті тақырыптардың шешілуіне қатысты ұсынысын білдіріп, ой қосты. Құрылтай мүшелерінің айтуынша, ертеңгі Президенттің қатысуымен болатын тарихи жиында көтерілетін маңызды мәселенің бірі – Парламенттік реформа. Сондай-ақ кеңес төрінде елдің дамуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлт руханиятын қолдау бағытында атқарылатын жұмыстар сараланбақ.

«Қоспалаты парламентті бірпалаталыға өзгерту бағытында ұсыныстар, талап-тілектер қоғамның елдің, тиісті органдардың барлығы жинақталды. Енді ертең құрылтайда мемлекет басшысы өзінің бір шешімін айтады. Одан бөлек тәуелсіздікті қалай сақтаймыз, жалпы рухани тұрғыдан азбау, тозбау бағытында үлкен дүние айтылады деген  үмітпен алты Алаш күтіп отыр», – деді Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан.

«Біз 40-қа жуық мықты шетелдік университеттерді әкелдік. Соны 12-сінің негізінде жасанды интеллект курстары оқытылып жатыр. Оқытушыларды да сырттан да, өзімізден де шақырып дайындаймыз», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз: Еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр - Мемлекет басшысы