Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануармен толықты

27.01.2026 18:59

Тамандуа, оларды тағы төрт саусақты құмырсқажегіш деп атайды

almatyzoo

Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануармен толықты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Зообақ мәліметінше, мұнда бұрын-соңды болмаған қызықты жануарлар тамандуа жұбы әкелінді.

 "Тамандуа, оларды тағы төрт саусақты құмырсқажегіш деп атайды. Туған жері – Оңтүстік Америка, ал ең жақын туыстары – сүйрік жалқаулар. Біздің Тео мен Лара 2023 жылғы сәуірде дүниеге келген. Тамандуа өте бауырмал, ойнақы және белсенді. Тамақтары – жәндіктер мен арнайы жем, оны олар ұзын жабысқақ тілдерімен аузына жеткізеді", - деп хабарлады хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қаза тапты