Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет: сарапшылар пікірі қандай

28.01.2026 16:20

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Ұлттық Құрылтайда елдегі маңызды мәселелерді көтерген Мемлекет басшысы осы қағидатқа сай орнықты саяси жүйе қалыптастыру қажет екенін айтқан. Президент стратегиялық экономикалық серіктестермен тиімді байланыс орнату маңызды екенін алға тартты.

Сыртқы саясатты теңгерімді әрі тұрақты жоспарлау жайында сарапшылар не дейді?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы саяси ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Сімтіков жауап береді.

– Құрылтайда Президент халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылға қатысты көзқарасын білдірді. Бірақ «дипломатияда бұрыс шешімнің салдары өте ауыр болады» деді. Сіздіңше, Президент нені меңзеді?

«Президенттің меңзегені – дүниежүзінде болып жатқан жағдай, АҚШ-тың ұстанған саясаты және түрлі санкциялардың Батыс пен Ресейдің арасындағы текетіресі. Сонымен қатар Орталық Азиядағы,  ТМД сияқты ұйымдардың ішінде, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан сияқты мемлекеттердің арасында біздің экономикалық байланысымыз, , ірі геосаяси ойындарда белгілі бір дәрежеде ұстаным бар мемлекеттермен қатар, БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы қарым- қатынасты меңзеді. Біз тек олардың ығына жығылу емес, тәуелсіз, ерікті дипломатиялық қарым-қатынас жасай отырып, Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуына үлкен үлес қосу, Орта Азиядағы белгілі бір дәрежедегі өзіндік орны бар орта державалық мемлекет ретінде қалыптасқандығымызды көрсету керек екенін айтты»

– Құрылтайда аймақтардың рөлін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту мәселесі де көтерілді. Бұл бастамалар саяси тұрақтылыққа қалай әсер етеді?

«Бастамаларды көрсеткен кезде саяси тұрақтылықты көздеген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жергілікті жермен, біріншіден байланысты азаматтардың арасында ғана емес, жүйелік тұрғыдан қарағанды жөн көрді деп ойлаймын. Біріншіден, Парламент пен мемлекет, Үкіметң арасындағы қарым-қатынасты, екіншіден, Парламенттегі шешімдердің жүзеге асу барысы, үшіншіден, азаматтардың жергілікті аймақтардағы қарым қатынасты, әр аймақтағы жинақталған проблемаларды болдырмау және оны шешу. Құрылтай әуелі Атырауда, келесі жылы Ұлытауда, сосын Түркістанда өтті. Биыл Сыр бойында Қызылордадағы жинақталған түрлі мәселелерді шешуге негізделді деп айтуға болады. Құрылтай жергілікті билік пен азаматтардың және аудан мен облыстың арасында өңірлердегі жинақталған мәселелерді шешуде бағыт бере алды деп ойлаймын.  Сондықтан құрылтайдың мәні де, мағынасы да тереңдей түсті, маңыздылығы артты.

Оқи отырыңыз: Қаржы алаяқтығымен күрестің тиімді шараларын әзірлеу қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев