Президент Михаил Шайдоровқа ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады

25.02.2026 15:43

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Президент XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ «Құрмет» ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды.

Оқи отырыңыз: Президент XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады