Атырауда 8-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

01.12.2024 11:57

33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алған алғаны анықталды

Видеодан кадр

Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 қарашада қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап, полицияға хабарлаған.

"Хабарлама бойынша жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев дереу пәтердің  иесін анықтап, оқиға орнына шақыртып пәтерге өтіп секірмек болған әйелді құтқарып қалды", - делінген хабарламада.

33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алған алғаны анықталды.

Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты