Күдіктілердің үйлеріне жүргізілген тінту барысында төмендегідей тыйым салынған заттар тәркіленді
БҚО-да экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сырым ауданының ауылдарының бірінде тұратын екі азамат заңсыз қару және есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдіктілердің үйлеріне жүргізілген тінту барысында төмендегідей тыйым салынған заттар тәркіленді:
Бірінші күдіктіден:
Екінші күдіктіден:
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген заттарға сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, басты назар есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған.
БҚО Полиция департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, есірткі қылмыстарының жолын кесу және қарудың заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында бас есепші сотталды