Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

29.08.2021 в 05:01

Бүгін елімізде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі базасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін елімізде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі базасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше ҚР Президенті 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Ақорданың ресми сайтында төтенше оқиға салдарынан бірнеше адамның қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы Президент Өкімі шықты.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – деп жазылған Өкімде.