Ұстаздар мәртебесін, аймақтардың әлеуметтік жағдайын көтеру – алматылықтардың вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа қойған басты сауалдар осы төңіректе болды. Бірақ бәрібір көпшілікті толғантқан басты мәселе – әлеуметтік жеңілдіктер екенін көрсетті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Биыл айыппұлдарды өтеуге 130 миллиард теңге жұмсалды. Ал көпбалалы отбасыларға АӘК төлеуге 160 миллиард теңге кетті. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті 400 мың отбасы алып жатыр – бұл шамамен 2 миллион адам», - деді Бердібек Сапарбаев.
Мұқтаж жандарға көмектесе отырып, мемлекет олардың қол қусырып қарап отырмайтынына сенеді. Ең алдымен халықтың масылдық психологиясымен күресу қажет, сол үшін оқу орталықтары, қайтарымсыз гранттар берілгенін атап өтті вице-премьер.
«Елдің бәрі жұмыс істеуі керек. Масыл болмау керек. Бір күн, екі күн өмір сүрерсің ол жәрдемақыға. Ал сосын не болады? Бала-шағаңды әрі қарай қалай асырайсың? Біз елді құрдан-құр жата бермей, өздері де талпынып, еңбек етсін деп осындай жағдай жасап жатырмыз», - деді Бердібек Сапарбаев.
Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев Алматы әкімінің көпсалалы аурухана салуға қатысты қарастыруға уәде берді. Онда қала мен облыс тұрғындары емделе алады.