Қостанайда 17 жасар бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті
Оған «омыртқаның жабық сынығы» диагнозы қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай қаласында 17 жастағы колледж студенті жатақхананың үшінші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанай қызмет көрсету колледжінің жатақханасында болған.
«26 маусым күні сағат 01:30-да облыстық балалар ауруханасына 17 жастағы қыз түсті. Ол жатақхананың терезесінен құлап кеткен. Полиция бұл факт бойынша тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бойжеткеннің колледж студенті екені анықталды. Оған «омыртқаның жабық сынығы» диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25