Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылды

15.05.2022 17:10

Биыл – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл

Пресс-служба акимата Алматинской области

Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биыл халқымыздың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері –  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілді. Бүгін, міне, қазақтың аяулы перзентіне зор құрмет көрсетіліп, еңселі ескерткіш орнатылды. Ірі тұлғалардың ерен еңбегін үлгі етіп, ұлыларды ұлықтау – басты парызымыз. Дінмұхамед Қонаевтың бойындағы ұлтжандылық жастарға жұғысты болсын! Қазақтың дара тұлғасының ескерткіші құтты болсын!» – деген Қанат Бозымбаев ескерткіш авторлары мен халықаралық «Дінмұхамед Қонаев қорына» алғыс айтты.