Жамбыл облысында бір реттік медициналық бетперде шығаратын зауыттың жұмысы қайта жанданды. Әлемді дендеген індеттің салдарынан өндіріске шет елден шикізат келмей уақытша тоқтаған еді. Енді қайта қосылып, елімізді өз өнімімізбен қамтамасыз ете бастады. Фармацевтикалық зауыттың жұмысымен танысқан Almaty.tv тілшісі Мерей Бает жалғайды.
Таразға жақын орналасқан зауыт Жамбыл ауданының аумағында. Қазір 300-ден аса тұрғынды жұмыспен қамтыған өндіріс, фармацевтикалық өнімнің 120-ға жуық түрін шығарып жатыр. Сәуір айында бүкіл әлемдегі шектік шараларына байланысты, шет елден шикізат жетпей тоқтап қалған еді. Қазір ол мәселе шешілген. Дегенмен мекеме басшысы бағаның біршама қымбаттағанын айтады.
«Баға қазір көтерілді. 30 есеге көтерілді сол бағалар. Біз соған қарап нақты сол маскаларға қайта қарау бағаларын жасағанбыз. Бізде қазір шекті баға 1 маска 59 теңге», – деді компания директорының орынбасары Әлишер Анарметов.
Біз қазір медициналық бетперде шығаратын зауыттың тігін цехындамыз. Міне, мынау матрица деп аталатын құрылғыдан бетперденің негізгі бөлігі шығады. Бұл бөлікті біз қазір мына аппаратқа береміз. Бұл жерден медициналық петперденің рәзіңкелерін тігу жұмыстары жүргізіледі. Ал, мына жерден шыққан бетперде пайдалануға дайын.
Иа, осы құрылғылар арқылы зауыт тәулігіне 40 мың данаға дейін бетперде шығаруға қауқарлы. Шығарылған өнім министрлікпен бектіліп, бүкіл Қазақстанның әр аймағына таратылады. Жылына 30 миллион дана өнім шығаратын өндіріс қазір де мемлекеттік тапсырысты орындауға кірісіп кеткен.
«11 жүк көлігі келіп, 100 ден аса тонна шикізат келді. Қазіргі таңда жұмыс өз күшіне енді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша бізге тапсырыс беріледі. Сол тапсырыс бойынша өнімді өндіреміз. Және 1 жылда 6 рет жеткіземіз. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Шымкент және де Батыс Қазақстаннан Ақтөбе қаласына жібереміз», – деді қойма меңгерушісі Қанағат Көпенов.
Қазіргі таңда 120 түрге жуық медициналық бұйымдар жасайтын өндіріс, алдағы уақытта шприц шығармақ. Жалпы жұмысшы 300-ге жуық маман аудан және Тараз қаласының тұрғындары. Алдағы уақытта қосымша цехтар қосылса, жұмыс орнын 600-ге дейін арттырмақ.
Мерей Бает, Мейіржан Ерболатов «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынан