Қазгидромет Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазгидромет» болжамы бойынша 19 қыркүйекте Ақтөбе облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

19-20 қыркүйекте Алматы облысының кей жерлерінде түнде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 19 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метр болады. 

Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ, күндіз нөсер жаңбыр жауады. Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.

 Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылап, ауа райына байланысты ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Новости партнеров