Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Іскерлік кеңес жанындағы тұрақты даму комитеттің экология бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бүгін іскерлік кеңес жанындағы тұрақты даму комитеттің экология бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысына қатыстым. Қаланың экология саласындағы жетекші сарапшылары, қоғам белсенділері мен басқарма басшылары ашық пікірталас барысында пікір алмасып, қаланың экологиялық жағдайын сауықтыру әрі ауа сапасын жақсарту бойынша қысқа және ұзақ мерзімді шаралар пакеттерін әзірлеуге келісті. Бұл – біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз. Бұдан өзге «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқармасының төрайымы Айгүл Соловьевамен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Оның аясында Алматыны қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді шаралар қабылданады" - деп жазды Б.Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)21 Фев 2020 в 6:01 PST