Құс тұмауы: Павлодар облысында карантин режимі енгізілді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алдын ала есептеулер бойынша, қыркүйектің басынан бері облыста төрт мыңға жуық құс қырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысының екі ауданындағы үш ауылда құс тұмауына байланысты карантин режимі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Карантин Жаңақұрылыс, Ақтау және Жаңа жұлдыз ауылдарында енгізілді.

Бүгінде ауылдарда периметрлер бойынша жер жылтылды, елді мекендерге кіреберісте дезбарьерлер мен карантиндік блокбекеттер орнатылды, онда полиция мен ветеринарлық қызмет кезекшілік етеді.

Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі Қайырбек Абсалямовтың мәліметінше, қазіргі таңда Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылында 1800-ден бір жарым мың құстың басы жойылды.

Осыған ұқсас жұмыстар Железин ауданының Ақтау ауылында да жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар, құс тұмауы Жаңа жұлдыз ауылында расталды, онда екі мыңнан аса құс жойылды. Қазіргі уақытта бұл ауылда да карантин енгізілді. 24 қыркүйекте ауыл әкімінің шешімі заңды күшіне енді. Мұнда бес мыңнан астам құс жойылады»,– деді Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Қаңтарбаев.

Аталған ауылдарда карантин режимі соңғы ауру немесе өлім жағдайы тіркелген сәттен бастап 21 күн өткен соң аяқталады.

Алдын ала есептеулер бойынша, қыркүйектің басынан бері облыста төрт мыңға жуық құс қырылған.

Ветеринарлардың айтуынша, ауру жабайы құстардан жұққан.

«Сырттан әкелінген құстар болған жоқ, сондықтан инфекция көзі жабайы құстардан екені түсінікті болды. Мұны жабайы құстардың патологиялық материалын зерттеу нәтижелері де растады. Қазіргі уақытта олардың көші-қоны жүріп жатыр», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков.

Новости партнеров