Ақтау полицейлері балаларымен көшеде жүрген мас әйелді ұстады

11.07.2019 20:19

Әйелді ұстау шарасы әлеуметтік желіде жарияланды

Ақтау полицейлері балаларымен көшеде жүрген мас әйелді ұстады, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әйелді ұстау шарасы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Оқиға 10 шілдеде болған. Полицияға 11-шағынауданындағы үйлердің бірінен тоқтамай жылаған балалардың дауысын естіген қала тұрғындары шағым түсірген.

«Олар аш отырған екі нәрестені көрген. Аналары қатты мас болған. Кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша инспекторлар шақыртылған. Балаларды Оңалту орталығына, ал әйелді медициналық куәландыру мекемесіне жеткізген. Әйел осыдан бір ай бұрын маусымда да дәл осындай жағдайда ұсталған болатын»,  дейді ведомство өкілдері.