Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында
Құрметті тұрғындар мен Алматы қонақтары!
Қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындардың жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Көбінесе бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер, университеттер.
Барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде "зардап шеккен халықты қабылдау пункті" деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайтында қолжетімді.
Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында.
Сонымен қатар, барлық стационар, перзентхана, жедел жәрдемнің қалыпты режимде жұмыс істейтіні туралы хабарлаймыз.
Жалған ақпарат таратпаңыздар. Барлық дерек тек Алматы қаласының ТЖД ресми сайтына шығады.