Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы басшысы Болат Баекенов өмірден өтті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Ұзаққа созылған дерттен кейін 24 тамызда дүниеден өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әскери қайраткер, арнаулы мемлекеттік органдар ардагері, генерал-лейтенант Болат Баекенов өмірден озды. Қайғылы хабарды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгін ұзаққа созылған науқастан кейін еліміздің арнаулы мемлекеттік органдар ардагері генерал-лейтенант Болат Баекенов қайтыс болды. Болат Әбдірахманұлы әр жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 1997-2001 жылдары генерал-лейтенант Қазақстан Президентінің күзет қызметіне жетекшілік етіп, ведомствоның дамуына зор үлес қосты. Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Болат Әбдірахманұлы1942 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда дүниеге келген.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (1992 жылдың шілдесінен бастап ҚР ҰҚК) төрағасы болып тағайындалды.

1993-1994 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрі.

1997 наурызда - Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті күзет қызметі бастығы болып тағайындалды.

2001 жылы құрметті демалысқа шыққан.

Отставкаға шыққан соң ұстаздық қызметпен айналысып, Қазақ гуманитарлық заң университеті Алматы заң академиясын басқарды.

"Алматы" телеарнасы Болат Баекеновтің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Новости партнеров