Қаза тапқан 4 адамның сүйегі де отанына жеткізілген
Ұшақ апатынан аман қалған Әзербайжанның 14 азаматы Бакуге қайтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кеше кешке Ақтаудан ұшқан бірінші рейсте 7 адам, екіншісінде тағы 7 науқас Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға аман-есен қонды. Одан бөлек, қаза тапқан 4 адамның сүйегі де отанына жеткізілген.
"Бауырлар қиындықта бірігеді. Ауыр апатта Әзербайжан халқына көрсетіп жатқан медициналық, моральдық көмек үшін зор алғысымызды білдіреміз! Арамыздағы ағайындық жақындықты тағы да сезіндік. Қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз! Мұндай жағдай қайталанбасын деп тілейміз!" – деді Әзербайжан республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі надир Азероглы Зейналов.
Бауырлас қырғыз елінен келген азамат та қандастарын дін-аман көріп, қуанышын бөлісті. Қазір 3 қырғызстандықтың жағдайы жақсарған. Екеуін елге алып кетуге де болады. Маматкадыр Наркозукевтің сөзінше, қырғыз тарапы да азаматтарын алып кетуге дайындалып жатқан көрінеді.
"Дүйсенбі екеуі шығады. Ал бір науқас әлі емделеді. Қырғызстанға алып кетуге сұрап жатыр. Қазақстанға разылығын білдіріп жатыр", – деді Қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Маматкадыр Наркозуев.
Оқи отырыңыз: Ақтаудағы ұшақ апаты: зардап шеккен отбасына қанша теңге төленеді