Ақтауда алып сәби дүниеге келді

Фото из интернета
Фото из интернета
Сәбидің анасы Мұнайлы ауданының тұрғыны, бұл оның төртінші баласы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы 6 кг 880 грамм салмақтағы алып сәбидің дүниеге келгенін хабарлады. Сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Сәбидің анасы Мұнайлы ауданының тұрғыны, бұл оның төртінші баласы. Дәрігерлердің айтуынша, ота жасалған ана өзін жақсы сезінеді.

«Босанар алдындағы тексеру барысында біз әйел құрсағындағы шарананың үлкен екенін анықтадық. Сондықтан кеңес өткізіп, әйелді кесарь тілігі арқылы босануы керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені айтарлықтай сәбидің ірі салмақпен дүниеге келуі сирек кездесетін құбылыс», - деп хабарлады облыстық перинаталдық орталық өкілдері.

Бала мен оның анасы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйге шығарылды. Шыққан кезде баланың салмағы 6 келі 280 грамға түскен.

Акушерлікте балаларды үлкен салмақпен дүниеге жағдайлары жиі кездеседі. 4 келіден асатын балалар ірі, ал салмағы 5 мың грамнан асқан сәбилер алып деп аталады.

Новости партнеров