Апатты үй: Атырау облысында тұрғындарға пәтер кілті тапсырылды

Өңірде 19 мың адам кезекте тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында апатты деп танылған көпқабатты үйдің тұрғындарына жаңа баспананың кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Cылағы түсіп, керегесі қисайған ескі пәтерде тұрып келген жүзден аса азамат негізінен көпбалалы немесе ерекше бала тәрбиелеп отырған жандар. Оларға табысталған үй толыққанды заманауи үлгіде салынып, керекті заттармен жабдықталған.

Айта кетейік, өңірде бұған дейін де тұрғын үй кезегінде тұрған 550-ге жуық азаматқа пәтер берілген. Қазір 19 мың адам кезекте тұр.

"2010 жылдан бастап кезекте тұрмын, өте қуаныштымын! Көптен күткен қуаныш болды,бақыттымын! Жолдасым бірінші топтағы мүгедек. Жаңа жылда жаңа баспана бұйырды, рақмет!" – деді қала тұрғыны Эльмира Садықова.

Оқи отырыңыз: Баспаналы боласыз: Өскеменде 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды

Новости партнеров