«Он әйел жабылып сабаған»: журналист Сәуле Әбілдаханқызы ауыр жарақатпен ауруханаға түсті (видео)

06.06.2019 в 16:24

Бір топ келіншек журналистен желідегі «группаларды» өшіруді талап еткен

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы қазір қаладағы №7 ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның миы шайқалған деп отыр, деп жазады KYN.KZ.

Кеше түсте Наурызбай ауданындағы Ішкі істер департаментіне шақырылған Сәуле Әбілдаханқызын ол жерде 2 сағаттай ұстап, басқа есіктен шығарған. Сол сәтте есік аузынан оны бір топ келіншек күтіп алған. Сөйткен де, олар әй-шәй жоқ ауыдазына келгенін айтып, Сәулені аямай соққыға жыққан. Атап айтқанда, ішінен ұрып, шашынан сүйреген, бірақ бетіне тимеген. Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-нен шыққан екі жігіт пен бетіне маска киіп тұрған тағы бір жігіт ұялы телефонға түсіріп тұрған.

«Сәуле үйінде, телефоны жоқ, сағат 18.00 Түрксіб аудандық ІІБ-не шақырып жатыр, дереу үйіне барғандарың, ІІБ-не жалғыз жібермегендерің жөн!»,-деп жазды заңгер Абзал Құспан.

Журналист үйіне жеткенде өзін жайсыз сезінсе керек, дереу жедел жәрдем шақырған. Содан ауруханаға жеткізіліп, қазір ол сонда ем қабылдап жатыр.