Алматы әкімдігі «электр және су тоқтатылады» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Электр және сумен жабдықтаудың күтілетін үзілістері туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы қаласының суық сумен жабдықтау және су бұру нысандарының барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Суық сумен жабдықтау және электр энергиясы үздіксіз қамтамасыз етіледі, су мен электр беруді өшіру жоспарланбайды», - деп хабарлады әкімдіктен.