|
03.08.2023 | 05:52
3685

Маңғыстаулық ағайынды екі жігіт қоқыс полигонында үйлену тойға фотосессия жасады

Ағайындылар фотосессиядан кейін қалдық жаhандық мәселе екенін және мұның бәріне қатысы барын түсінеді деп үміттенеді

Маңғыстаулық ағайынды екі жігіт қоқыс полигонында үйлену тойға фотосессия жасады lada.kz

Маңғыстау облысында ағайынды екі жігіт – эколог Нұркен Салиев пен фотограф Нұрбол Салиев экологиялық мәселелерге назар аударып, адамзат табиғатқа немқұрайлы қарауды тоқтатпаса, 2050 жылы тойдың қандай болатынын халыққа көрсету үшін полигонда фотосессия жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ағайындылар фотосессиядан кейін қалдық жаhандық мәселе екенін және мұның бәріне қатысы барын түсінеді деп үміттенеді.

«Бұл әзірше нағыз той емес, бірақ қалдықтарды сұрыптау мәселесін шешпесек, пластик пайдалануды тоқтатпасақ, 2050 жылы дәл осылай болады. Мен өзім мамандығым бойынша экологпын. Бұл салада жеті жылға жуық жұмыс істеп келемін. Бауырым екеуіміз қалдықтар мәселесіне қазірден бастап назар аудармасақ, болашақта не болатынын адамдарға көрсеткіміз келді. Ал біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, көптеген идея бар, біздің халықтың экологиялық мәдениетін көтергіміз келеді», - деді Нұркен Салиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир