Салдарынан екі адам зардап шекті
Ақмола облысында жүк көлігі мен «ГАЗель» соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАҚпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 19:00 шамасында «Астана-Петропавл» трассасында болды.
«Жол апатынан жүк көлігі жолдың үстіне аударылып қалды. Оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі көліктің жүргізушісі зардап шекті. Сонымен бірге, жол апатының мән-жайлары анықталып жатыр», - деді ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында терең шұңқырға құлап кеткен бүлдіршін құтқарылды