Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

30.03.2020 13:26

Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады

Ашық дереккөз

30 наурыз күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.