Талдықорғанда тәртіп сақшылары медициналық бетперде таратты

17.07.2020 13:29

Полицейлер бір күн ішінде қала тұрғындарына 500-ге жуық медициналық бетперде табыстады

inform.kz

Талдықорғанда тәртіп сақшылары медициналық бетперделер таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жол бойы мен қоғамдық орындарда азаматтарға карантин кезінде санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігін түсіндірді. Патрульдік полиция экипаждары, жаяу патрульдер қызметі қалада карантинді қамтамасыз етуде осы жұмысқа бағытталған. 

«Карантин кезінде кейбір азаматтар, өкінішке орай, жеке қорғанудың қарапайым әдісін ұстанбайды және қоғамдық орындарда, көшеде серуендеу кезінде, медициналық бетпердені кимейді, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамайды. Қауіп-қатердің әлі сейілмегенін және қорғаныш құралы инфекцияның таралуын азайтуға септігін тигізетінін түсінуі маңызды. Қандай да бір себептермен медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға инспекторлар маска кию қажеттігін еске сала отырып, оларды ұсынады. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр», – дейді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев. 

Полицейлер бір күн ішінде қала тұрғындарына 500-ге жуық медициналық бетперде табыстады.