Көлікте терезені ашып қоюдың қандай қаупі бар

23.08.2024 13:30

Көлік иесі сыртқа шыққанда салондағы бағалы дүниесінен немесе темір тұлпарынан айрылып қалуы да мүмкін

elements.envato.com

Көліктің кондиционері болса, терезені ашпаған жөн, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Көліктің кондиционері бола тұра, жүргенде терені ашып қоятын болсақ, бірден улы ауамен дем аламыз. Әр тыныс алу кезінде өкпе пайдаланылған газдар, резеңке бөлшектері, тежегіш жастықшалар мен жол төсемдерінің қоспасымен толады. Мұндай жағдайда салон сүзгісі жұмысының пайдасы жоқ", - деп жазған басылым.

Сондай-ақ көліктің терезесі ашық тұрса, салонға жәндік кіріп, жүргізушіге кедергі келтіруі мүмкін.

Жүргізуші көліктен шығуы үшін терезеден салонға қасақана қоқыс тастайтын алаяқтардың құрбаны болуы ықтимал. Көлік иесі сыртқа шыққанда салондағы бағалы дүниесінен немесе темір тұлпарынан айрылып қалуы да мүмкін.

Сонымен қатар көлікте терезені ашқан кездегі желдің дыбысы құлақтың қысымына әкеп соқтыруы мүмкін. Оған қоса, шу жүргізуші мен жолаушыларды шаршатып, миын ашытады.

Бұдан бөлек, егер көліктің терезесі жабық болса, апат кезінде сынықтардан зардап шегу қаупі әлдеқайда төмен болады.

Көлікте терезе ашық болса, жолға шыққан кезде отын шығыны артады.

Оқи отырыңыз: Ақшаға толар қалтаңыз: қаржы жинаудың ең тиімді жолы