Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді
2021 жылы туған қыз бала түрлі жарақаттар алып, ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Алтай қаласында болған. Алдын ала болжам бойынша, қыз бала пәтерде тек 11 жастағы ағасымен бірге болған.
Алтай ауданының ТЖБ мәліметінше, терезеде бекіткіш болмаған. Онда тек масаға арналған тор ғана орнатылған. Сол себепті бала терезден құлап кеткен.
Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен қызда көптеген жарақат барын анықтады.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кеткен