Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды
Мексикалық боксшы Сауль Альварес Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз», — деп жазды Канело Instagram парақшасында Қазақстанның туын ұстап.
Айта кетейік, «Канело» — орта салмақтағы абсалютті әлем чемпионы.
Ол келесі жекпе-жегін 5 мамырда мексикалық боксшы Хайме Мунгуиаға қарсы өткізеді.
Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.