1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2022 в 13:37

Бұл күнді мереке ретінде атап өту туралы түрлі дерек бар

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бір ғасырдан астам тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақ елі де жыл сайын атап өтеді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, еліміздің әр өңірінде балаларға арналған түрлі шаралар жопсары құрылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл күнді мереке ретінде атап өту туралы түрлі дерек бар. Бұл — 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған десе, кей деректерде мұны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған деп жазылған.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Биыл Алматыда да балалар мерекесіне орай көптекен іс-шара өтеді, оның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар бар.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде "Балалар жылы" деп жариялаған болатын.

Дереккөз: baq.kz