|
20.03.2024 | 08:42
400

Маңғыстауда ерекше ақ үкі суретке түсіп қалды

Бұл - сирек кездесетін құс

Маңғыстауда ерекше ақ үкі суретке түсіп қалды  Фото: М.Қаратауов/Lada.kz

Маңғыстауда ерекше ақ үкі суретке түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстауда Тасорпа қорығының инспекторлары ақ үкіні суретке түсірді. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауовтың айтуынша, облыс фаунасының сирек кездесетін түрі алғаш рет көзге түскен.

"Бұл - сирек кездесетін, кей кезде қыстайтын құс. Орда мен Қамыс-Самар көлдерінен, Махамбет кентінен, Жайық бойымен, Маңғыстау, Солтүстік Арал маңы, Сырдария аңғары мен Тянь-Шаньның солтүстік бөктерінен қыстайды. Кейде Марқакөл көлінің маңында, Батыс Алтай тау бөктерінде және Зайсан ойпатында кездеседі. Құстарды сәуір-мамыр айының басында көруге болады. Наурызда пайда болғанына қуаныштымыз, мұны жақсы белгі деп санаймыз, өйткені қазір қасиетті Рамазан мен Наурызнама айы өтіп жатыр", - деді Мыңберген Қаратауов.

Қазақстанда үкілердің 12 түрі кездеседі, олардың 10-ы ұя салады. Үлкен үкі ақ түсті болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда нөсер жаңбыр жауады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир