Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты

31.07.2024 13:42

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

elements.envato.com

Павлодар облысында қайық аударылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 28 шілдеде сағат 17:40 шамасында Ертіс ауылының маңында өзенде қайықпен аударылып кеткен 1972 жылы туған адамды іздестірген.

"Марқұмның туыстары ер адамның денесін 29 шілде күні оқиға болған жерден 6 километр жерде орналасқан жағадан тапқан", - деп хабарлады департамент.

Суда ажал құшқан адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Каспий теңізінде шаяндар жаппай қырылып жатыр