Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Бурабай курортында Көкшетау тауында тауға шығып, өздігінен түсе алмаған турист құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Бурабайға Қарағанды облысынан келген.
«Ол Көкшетау тауының биік шыңына шығып, өздігінен түсе алмады. Ер адамды құтқару жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының және «Бурабай» МҰТП құтқарушылары қатысты. Екі сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті өтті, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында қайығы аударылған балықшы құтқарылғанын жазған едік.
Оқи отырыңыз: Арандату және бопсалау: Алматы метрополитенінің қызметкерлері жауапкершіліктен қалай құтылмақ болды