Дәрігер Айна Бакеева сот үкімімен 10 тәулікке қамалды

28.10.2021 в 13:45

Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», – делінген қалалық соттың баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын желіде астанадағы №58 мектепте 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған еді.

Видеодан Айна Бакееваның жанындағы әйелдермен бірге мектепке баса-көктеп кіргенін көруге болады.

Онда балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқаны сөз болады. Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.