«Нұр-Сұлтанда оқушы мектепке қару алып келген»: қоғам белсендісі дабыл қақты

видео кадр
видео кадр
Эксперимент жасау үшін ер адам баласын ойыншық автоматпен мектепке жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық блогер Тәңірберген Бердоңғар Пермьдегі атысқа байланысты оқушының мектепке қарумен баруы қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеру мақсатында эксперимент жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы видеоны блогер Instagram парақшасына жариялады. Тәжірибе жасау үшін Тәңірберген Бердоңғар баласын ойыншық автоматпен №65 мектепке жіберді.

Видеода көрсетілгендей оқушы мектепке емін-еркін қару алып кірді. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

«Көріп отырғаныңыздай, біз ойыншық қаруды еш қиындықсыз мектепке алып кірдік. Ресейде де, Қазақстанда да шұғыл шаралар қолдану қажет», – деді блогер.

Желі қолданушыларының кейбірі блогерді қолдап, бұл мәселені қолға алуды ұсынды.

«Егер бір адам мектепке қарумен кірсе, біздегі бірде-бір күзетші мектепті немесе оқу орнын қорғап қала алмайды. Біз оларды жақсы түсінуіміз керек», «Біз ғаламтордағы ойындарға тыйым салуымыз керек. Бұл соғыс бүкіл жерде», – деп жазды желі қолданушылар.

Айта кетейік, Ресейдегі Пермь университетіне мұздай қаруланған  18 жастағы Тимур Бекмансуров студенттер мен оқытушыларға оқ жаудырып, 8 адам оқиға орнында қаза тауып, 28 студент ауыр жарақат алған болатын.


Новости партнеров