Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер берілді

©AIBA
©AIBA
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тек Кубаны алға жіберіп, командалық есепте екінші орын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белградта (Сербия) өткен әлем біріншілігінде 51 келіге дейінгі салмақта топ жарған Сәкен Бибосыновқа пәтер берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі vesti.kz сілтеме жасап. 

"Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді", – делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тек Кубаны алға жіберіп, командалық есепте екінші орын алды. Біздің құраманың еншісінде екі алтын, екі күміс және бір қол жүлде бар.

Екі алтын жүлдені Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Теміртас Жүсіпов (48 келі) алса, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) иеленді. Ал қола жүлдены командамыздың капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) еншіледі.

Новости партнеров