|
04.03.2024 | 07:47
2498

Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма

Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан жауап берді

Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма elements.envato.com

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады. Бұл айда мұсылман қауымы Алла разылығы үшін отыз күн ауыз бекітіп, тамақтан тыйылады.

Рамазан айының қарсаңында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан арнайы Almaty.tv тілшісіне жауап берді.  

1. Жасанды кірпік, тырнақпен ораза ұстауға бола ма?

Жауап: Жалпы шариғат бойынша әйел кісіге өзінің күйеуінің алдында сәнденіп шашын, тырнағын боятуына т.б жолдар арқылы сәнденуіне болады. Ал ораза кезінде шашын бояту, тырнақтарын жөндеу сияқты амалдар оразаға кедергі емес. Тек бояну барысында әртүрлі себеппен мұрыннан, тамақтан ішке бір нәрсенің кетіп қалмауына мұқият болуы керек.

2. Аузы берік адамға әйелін сүюге, құшақтауға бола ма?

Жауап: Айша анамыз (Алла оған разы болсын) «Оразада Пайғамбар жарларын құшақтап, сүйетін еді, алайда басқаларға қарағанда ол өз-өзіне ие болатын» деген. Бұл жерде ескеретін жағдай, әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, сүюіне рұқсат. Сенімді болмаса, сақтанған жөн. Өйткені бұл әрекеттің соңы оразаның бұзылуына апаруы мүмкін. Ал баланы иіскеп сүюдің еш сөкеттігі жоқ.

3. Сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?

Жауап: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тамамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)» деп жар салуын бұйырды (Бұхари). Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады. Бастысы, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін ниет етіп үлгеруі тиіс.

Оқи отырыңыз: Аяғы ауыр әйелдерге ораза ұстауға бола ма

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Зере Саримова
Зере Саримова
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир