Шымкентте даладан табылған нәрестенің анасы ұсталды
.inform.kz
Полицейлер баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте жаңа туған баласын көшеге тастап кеткен 27 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Otyrar сайтының мәліметінше, әйелге қатысты 119-баптың бірінші бөлігі (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Бірнеше күн бұрын Т. Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем Call-орталығы жанынан тастанды нәресте табылған болатын. Ол ұл бала, салмағы – 3 келі. Оны студент қыздар тауып алып, полицияға хабарлаған.
Аталған факті бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 12 наурызда 27 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52