Шымкентте даладан табылған нәрестенің анасы ұсталды

14.03.2022 13:48

Полицейлер баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғады

.inform.kz

Шымкентте жаңа туған баласын көшеге тастап кеткен 27 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Otyrar сайтының мәліметінше, әйелге қатысты 119-баптың бірінші бөлігі (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бірнеше күн бұрын Т. Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем Call-орталығы жанынан тастанды нәресте табылған болатын. Ол ұл бала, салмағы – 3 келі. Оны студент қыздар тауып алып, полицияға хабарлаған.

Аталған факті бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 12 наурызда 27 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Теги: бала