Қазақстан аумағындағы электромобиль саны 11 мыңға жетті

elements.envato.com
elements.envato.com
2022 жылы елімізде небәрі 570 электромобиль болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәлірек айтқанда, Қазақстан аумағында 10 970 электромобиль тіркелген. Агенттік тілшісіне берген жауабында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағында 10 970 электромобиль тіркелген. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, электромобильдерге арналған орындарда тоқтау немесе тұру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Сондықтан басқа көлік жүргізушілеріне көрсетілген орындарға қоймау ескертіледі. Одан бөлек, электромобиль жүргізушілеріне коммуналдық ақылы автотұрақтарда тегін тұру үшін жеңілдік көзделген (автотұрақтар, паркингтер)», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Биыл маусым айында Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады. Бұл заң елімізде электромобильдер санының артуына және арнайы инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Атап айтқанда, әлемде жыл сайын электрокарға сұраныс артып жатыр. 2023 жылы электромобиль әлемдегі ең көп сатылған көлік болды. Қазақстанда да бұл көлікті таңдайтындар көбейіп келеді. Оған статистика дәлел, яғни былтыр электромобильдер саны 10 еседен астам артты. 2022 жылы елімізде небәрі 570 электромобиль болған.

Сарапшылардың пікірінше, электромобильдердің күрт артуына қазақстандықтарға көліктің экологиялық таза түріне көшуі үшін мемлекет беретін квота себеп болды. Өйткені электромобильдің атмосфераға зияны жоқ. Сондықтан мемлекет оны сатып алғанда кеден және салық төлемдерінен босататын квота берді. Міне, осыдан кейін сатып алушылар көбейді.

Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккей: Олимпиадаға іріктеу жарысына кімдер қатысады

Новости партнеров