Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Астана - Петропавл автожолында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шортанды кенті ауданындағы Астана - Петропавл республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер өртті шақырту сәтінен бастап 21 минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Оралда мал союға арналған жерде газ баллоны жарылды